ТЖМ тікұшағы 4 мың метрден астам биіктікте жағдайы нашарлаған альпинистті эвакуациялады
Сурет: pexels
Панфиловшылар батырлары шыңына (4120 м) ұйымдастырылған жаппай альпиниада барысында 2008 жылы туған қатысушылардың бірінің жағдайы нашарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шегушіге жедел тау ауруы мен өкпе ісінуі диагнозы қойылған.
"Іс-шара барысында қауіпсіздікті қамтамасыз еткен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметі құтқарушылары зардап шеккен азаматқа жедел түрде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, оны Мәншүк Мәметова атындағы №6 мореналық көл аумағына дейін түсірді. Одан әрі құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шегушіні шұғыл эвакуациялау үшін ТЖМ "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды. Құтқару бөлімшелерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде зардап шегуші "Медеу" тікұшақ алаңына жеткізілді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Одан кейін Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері оны әрі қарай тексеру және емдеу үшін №12 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.
"Зардап шегушінің жағдайы орташа ауырлықта деп бағалануда, есі анық. Эвакуациялық операция сәтті аяқталды", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript