Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында үздіктер қатарына енді

Қазақстан құрамасы әлемдегі ең беделді зияткерлік алаңдардың бірі Balkan Mathematical Olympiad 2026 жарысында үздіктер қатарынан көрінді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 12:14 Сурет: gov.kz
Қазақстан құрамасы әлемдегі ең беделді зияткерлік алаңдардың бірі Balkan Mathematical Olympiad 2026 жарысында үздіктер қатарынан көрінді.

3-8 мамыр күндері Грекияның Салоники қаласында өткен Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алып, 24 елдің ішінде жалпы командалық есепте 6-орынға ие болды.

Биылғы додаға Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия, Түркия, Солтүстік Македония және басқа да мықты математикалық мектептері бар 24 мемлекеттен 148 қатысушы қатысты. Қатысушылар арасында әлемдік деңгейде танылған олимпиадалық мектептердің өкілдері болды. Осындай бәсекелі ортада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, тұрақты дайындық пен жүйелі жұмыстың жемісін дәлелдеді.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль түсті.

  • Алтын медаль иегері – Мурат Тимур, Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері:

  • Алиасқар Сұлтанәлі – Астана қаласындағы "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
  • Орынбасар Бердібек – Атырау облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

  • Бейганов Батырхан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
  • Еркебұланұлы Али – Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Ансатов Арнұр – Қызылорда облыстық №9 "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың жетекшілері – Қазақ-Америка университеті президенті Асылбек Исахов және "Астана-Нұра" зияткерлік мектебінің маманы Мұхтар Қабақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: