Астанада екінші әуежай салынуы мүмкін

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев 2026 жылғы 15 мамырда Үкімет кулуарында елордада екінші әуежай салу мәселесіне қатысты пікір білдірді., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2026 10:43 Сурет: unsplash
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев 2026 жылғы 15 мамырда Үкімет кулуарында елордада екінші әуежай салу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Ол алдағы уақытта екінші әуежай салу қажеттілігі туындайтынын атап өтті.

"Әзірге нақты орын анықталған жоқ. Бірақ қаланың қарқынды өсуін ескерсек, жақын болашақта екінші әуежай қажет болатыны анық. Қазіргі таңда бірнеше бағыт қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, Қосшы бағыты, Қарағанды және Павлодар тасжолдары маңы. Бұл бағытта сарапшылар тобы жұмыс жүргізуде", – деді Ерсін Өтебаев.

Сондай-ақ ол әуежай салынатын нақты орын бойынша шешім әлі қабылданбағанын жеткізді.

Айта кетейік, 2025 жылғы 22 желтоқсанда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада екінші әуежай салу туралы ақпаратты қауесет деп атаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: