Қазақстандықтардың жалақысы 9 жылда қаншаға өсті

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2026 15:38 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 18 мамырда өткен үкімет сағатында Арман Қасенов соңғы 9 жылдағы қазақстандықтардың жалақы өсімі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуі ұзақ мерзімде міндетті түрде жалақының артуына әсер етеді.

"Мысалы, 2017 жылдан бері жалақының жиынтық өсімі 41%-ды құрады. Бұл көрсеткіш ЖІӨ өсімінен жоғары. Алдағы жылдары экономиканың өсім қарқынын 5–6% деңгейінде сақтап, 2029 жылға қарай ЖІӨ көлемін 450 млрд долларға жеткізу – негізгі мақсатымыз", – деді ол.

Сондай-ақ вице-министр экономикалық өсім қарқыны инвестиция көлеміне тікелей байланысты екенін атап өтті. Себебі инвестициялар жаңа өндірістік қуаттарды қалыптастырып, экономиканың кеңеюіне негіз болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: