Петропавлда болған жол апаты қаланы жарықсыз қалдырды

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 11:04 Фото: Zakon.kz
Петропавлда Рабочий кентінде жеңіл көлік жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып электр беру желісінің тірегіне соғылған. Соққының күшінен ауыр бетон бағана сынып, жерге құлап, салдарынан жүзден астам тұрғын үй электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының ресми мәліметінше, көлік тізгінінде облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны болған. Ол көлікті басқара алмай, рөлде ұйықтап кеткені анықталған. Бұл туралы Almaty.TV мәлімдеді.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні дереу медициналық сараптамаға жіберген, оның ағзасында тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілген.

"Медициналық тексеру нәтижесі бойынша жүргізуші мас болмаған. Электр желілеріне келтірілген материалдық шығынды өтеу мәселесі заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық тәртіпте қаралады. Жүргізушіге 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", – деді Солтүстік Қазақстан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Азамат Жұмбақов.

Бұған дейін Көкпекті станциясында "Эндуро" мотоциклін тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім сегіз жасар қызды қағып кеткенін, бүлдіршін оқиға орнында қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: