Ақтөбеде футбол төңірегінен шыққан шу жаңа сипатқа ие болды

Доп, футбол, Ақтөбе, жанкүйер, жейде, Нани, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 11:53 Сурет: freepik
Ақтөбеде стадионда басына доп тиіп, ауруханадан бір-ақ шыққан жанкүйер клубтың өзіне берген сыйлықтарын сатылымға қойған. Бұл жайт желіде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиғаның өзі мамыр айының ортасында "Ақтөбе" – "Алтай" клубтарының кездесуі кезінде болған. Сол кезде матчты тамашалап отырған көпбалалы ана Аянай Елтокованың бетіне зымыраған доп тиген. Әйел ауруханаға жатқызылып, оған бастың жабық жарақаты диагнозы қойылған. Ақтөбе клубы да, стадион басшылығы да ауруханада жатқан жанкүйердің жағдайына қызығушылық танытпаған. Бұл жайтты көп алдына жайып салған ақтөбелік әбден ашуға мінген. Кейінірек тараптардың өзара татуласқаны белгілі болды. Аянай мен оның жұбайы үшін клубтың жұлдызды футболшысы Луиш Нанимен жеке кездесу ұйымдастырылыпты. Сыйлық ретінде әйелге португалдықтың қолтаңбасы бар жейде мен екі маусымдағы матчтардың билеттері табысталған. Бірақ бұл фирмалық жейде жарнама сайтынан бір-ақ шыққан. Жейденің 400 мың теңгеге саудалануы көптеген адамның ашуын туғызған, деп жазады КТК телеарнасы.

"Ақтөбе" клубы бұл жайтқа байланысты ешқандай түсініктеме бермеді, дегенмен сатылымға шыққан жейдені Нанидің кимегенін нақтылаған. Ал Аянай Елтокова бұл жайтты былайша түсіндірді:

"Шын мәнінде, мен бұл тақырыпты әлдеқашан жауып қойғанмын әрі оған қайта оралу ойымда да болмаған. Бірақ мәселе қайтадан көтеріліп жатқанынан кейін, бұл ретте мен бір нәрсені ғана айта аламын: келіссөздер барысында клуб маған келтірілген залалды ақшалай өтей алмайтындарын түсіндіріп, сондықтан оның басқа жолын ұсынды, яғни өздері сыйлаған жейде мен билеттерді сатуды. Бұл - клубтың өзі ұсынған шешім".
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: