Астанада "Қазақстан – Сириус" мектебі ашылады

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы "Сириус" мектебінің құрылысын бастап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2026 17:12 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин онлайн-форматта "Қазақстан – Сириус" халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келешек кешеннің іргетасына рәміздік капсуланы елордалық оқушылар Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен, "Сириус" федералдық аумақ кеңесінің төрағасы, "Талант и успех" қорының жетекшісі Елена Шмелёвамен бірге салды.

"Қазақстан – Сириус" жобасы мемлекеттер басшыларының уағдаластығына сай іске асырылып жатыр.

"Сириус" моделі бойынша еліміздің екі қаласында білім беру ошағы құрылады. Астанамен қатар биыл қаңтар айында Алматы қаласында да мектеп пен орталықтың іргетасы қаланды.

"Жобаның мақсаты – дарынды балаларды қамқорлыққа алып, ғылым, технология және инновация салаларын терең меңгерген, бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа буынын тәрбиелеп шығару", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев пен Путинге Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: