"Тірідей көмген": Алматы облысында ер адам әріптестерінің қолынан қаза тапты

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 11:27 Фото: pexels
Алматы облысындағы ыстық су көздері орналасқан демалыс орындарының бірінде 29 жастағы жігітті аса қатыгедікпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде марқұмның туыстары оның әріптестері тарапынан таспен ұрып-соғылып, кейін тірідей көмілген болуы мүмкін екенін жазған. Жігіттің денесі бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстарынан кейін табылған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, адам өлтіруге қатысы бар күдіктілер жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"27 мамыр күні Ұйғыр аудандық полиция бөліміне әйел адам 29 жастағы ұлының жоғалғаны туралы арызбен жүгінді. Оның айтуынша, ұлы жұмыс орнына кетіп, содан бері байланысқа шықпаған. Осыдан кейін бірден іздестіру және жедел-тергеу шаралары басталды. Нәтижесінде жоғалған азаматтың денесі жұмыс орнына жақын орналасқан демалыс аймағының маңынан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ішімдік ішкеннен кейін марқұм мен оның әріптестері арасында жанжал туындап, соның салдарынан оған дене жарақаттары салынған. Аталған факті бойынша адам өлтіру және қылмысты жасыру баптарымен қылмыстық істер қозғалды", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды.

"Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Оқиға кезінде сол жерде болған үшінші ер адамға қатысты процессуалдық шешім тергеу нәтижесіне қарай қабылданады", – деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін еліміз бойынша іздеуде жүрген көлік Алматыдан табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: