Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 09:03 Сурет: polisia.kz
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіру бойынша зертхана ұйымдастырған 30 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, тінту барысында оқиға орнынан 200 грамм мефедрон, зертханалық жабдықтар, магниттік араластырғыштар, колбалар, центрифугалар, сондай-ақ синтетика жасауға арналған химиялық сұйықтықтар мен прекурсорлар тәркіленді.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі өндіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді",- деп мәлімдеді ол.

Бұған дейін ауқымды операция аясында Қазақстан мен Украина Одесса қаласындағы трансұлттық топқа соққы бергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: