Алматыда жасырын есірткі зертханасы әшкереленді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 11:39 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында полиция қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті өкілдерінің қолдауымен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 23 маусымда хабарлағандай, операция "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген.

Ведомство мәліметінше, ұзақ уақыт бойы тыйым салынған заттарды өндіру және таратуға бағытталған заңсыз әрекет тоқтатылған. Тінту барысында үлкен көлемдегі құрал-жабдықтар мен химиялық заттар тәркіленген: қолдан жасалған реактор, ондаған канистр сұйықтық, зертханалық ыдыстар, таразылар, вакуумдық қаптау құрылғылары және есірткі орауға арналған жүздеген пакеттер.

Полицияның айтуынша, бұл синтетикалық есірткіні өнеркәсіптік көлемде өндіруге бағытталған толық жолға қойылған өндірістік процесс болған.

Тәркіленген барлық заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 15 маусымда Алматы облысында да синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана жойылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: