Қарағанды облысында есірткі курьері ұсталып, 287 орама мефедрон тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Балқаш қаласының полиция қызметкерлері жедел ақпарат негізінде жүргізілген іс-шара барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Күдікті ретінде Теміртау қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, тексеру кезінде күдіктінің жанынан есірткіге тән иісі бар зат салынған 139 орама табылды. Ал жеке заттарын одан әрі қарау барысында тағы 110 орама анықталды. Сонымен қатар полицейлер жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде жасырын орындардан қосымша 38 орама тәркіленді.
Осылайша заңсыз айналымға шығарылмақ болған жалпы саны 287 орама есірткі заттары қолға түсті.
"Күдіктіден екі телефон да тәркіленді. Олардың ішіндегі хат алмасуларды зерделеу барысында "жетекшісінен" берілген нақты нұсқаулар анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың мефедрон екені расталды. Оның жалпы салмағы 300 грамнан асты",- делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
Бұған дейін полицейлер Алматы маңындағы есірткі зертханасын жойғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript