Алматы маңындағы ерекше операция: апатты жағдайда орманды алқапқа қонған ұшақты тікұшақ көтеріп әкетті
Сурет: Алматы қалалық Құтқару қызметі
Алматы облысында сәтсіз қонған ұшақ оқиғасы өз жалғасын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, апатты жағдайда қонған Ан-2 одан кейін көкке көтеріле алмаған. Алматы қаласының құтқару қызметі 2026 жылғы 3 маусымда Ан-2 ұшағын тасымалдау бойынша операцияның сәтті жүзеге асырылғанын хабарлады:
"Түрген әуежайынан 10 шақырым қашықтықтағы орманды аумақта қатты қонған ұшақ өздігінен ары ұшуды жалғастыра алмады. Жұмысты орындау үшін Алматы қаласының Құтқару қызметінің Ми-8АМТ тікұшағы жұмылдырылды".
Экипаждың жоғары кәсібилігі мен үйлесімді іс-қимылының арқасында әуе кемесі тікұшақтың сыртқы аспасына салынып, Түрген әуежайына аман-есен жеткізілді.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Операция штаттық режимде орындалып, Алматы қаласының Құтқару қызметі мамандарының жоғары дайындық деңгейі мен күрделі авиациялық-құтқару және техникалық міндеттерді орындауға әрдайым дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript