Төтеншеліктер Есіл өзенінің құрсауына түскен құлынды құтқарды

Құтқару, Ақмола облысы, Есіл, өзен, құлын, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 19:17 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ құтқарушылары Есіл өзенінде қиын жағдайға тап болған кішкентай құлынды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға "Қызылжар Су" сорғы станциясы маңында болған. Жануар өзеннің арғы бетіне жүзіп өтпек болып, қатты ағысқа төтеп бере алмаған. Ағынды су оны жағалаудағы қалай болса солай өскен қалың талдар арасына әкеліп, жануар ол арадан өздігінен шыға алмай қалған.

Оқиға туралы хабар алғаннан кейін құтқарушылар шақырту орнына жедел жетті. Су бетіне қайық жіберіліп, құтқарушылар тоғайға жетіп, "құрсауға түскен" құлынды құтқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: