Біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық – Тоқаев

️Қасым-Жомарт Тоқаев: "Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі", сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 12:34 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде жалпыұлттық референдумға қатысты сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

"Бәріңізге белгілі, наурыз айында біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатыстық. Азаматтарымыз конституциялық реформаны қолдап, дауыс берді. Осылайша, біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық.

Ол Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапқанын жеткізді.

"Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары және бостандықтары басты құндылықтар деп жазылды. Заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды, жаңа технологияларды дамыту, тазалықты дәріптеу, табиғатты қорғау, волонтерлік қызметті қолдау конституциялық міндет ретінде айқындалды. Түбегейлі жаңа сипатқа ие болған Ата заңымыз Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды. Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз". Мемлекет басшысы

Бұған дейін президенттің Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: