Полицейлер Шамалғанда әйелді тұншықтырмақ болған ер адамды іздестіріп жатыр

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2026 16:11 Фото: Zakon.kz
Шамалған елді мекенінде ер адам өтіп бара жатқан әйелді жіппен тұншықтыруға тырысқан. Қазіргі уақытта полиция оны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Абырой болғанда, әйел сытылып үлгерген.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, бейнебақылау камераларындағы жазбалар бар болғанына қарамастан, полиция күдіктіні әлі таба алмай отыр.

Аталған дерек бойынша Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар адамды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство тергеу нәтижелері бойынша тиісті құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.

"Тергеу жалғасуда", – деп мәлімдеді полиция.

Бұған дейін Қазақстанда қылмыстық топ құрып, есірткі бизнесімен айналысқан шетелдіктерге үкім шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: