Президент арнаулы мемлекеттік органдар қызметі мәселелері жөніндегі заңға қол қойды

Президент, арнаулы мемлекеттік органдар, қызмет, заң, қол қою, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2026 19:24 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі арнаулы мемлекеттік органдар қызметі мәселелері жөнінде кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 10 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды".

Айта кетсек, аталған заңда мемлекеттік органдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызмет құру көзделген. Қызметтің функциялары тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды, соттарда мемлекеттік қызметшілердің мүдделерін білдіру мен қорғауды және өзге бағыттарды қамтиды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: