Енді "қазақша сөйле" де көмектеспейді: алаяқтар жаңа деңгейге шықты

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 12:48 Фото: polisia.kz
Алаяқтар енді қазақ тілінде де сөйлей бастады. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Қарасай ауданының бірқатар қарт тұрғындары алаяқтардың арбауына түсе жаздаған.

"Зейнеткерлер алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы хабардар болғанына қарамастан, қаскөйлердің қазақ тілінде еркін сөйлеуі олардың сеніміне кіруіне себеп болған. Олар өздерін түрлі ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырған", – делінген полиция хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, бұл дерек уақтылы тіркеліп, қажетті шаралар қабылданған. Соның нәтижесінде азаматтардың қаржылық шығынға ұшырауының алдын алу мүмкін болған.

Сонымен қатар, полиция киберқылмыскерлер қолданатын тәсілдер көрсетілген бейнематериал дайындаған.

2026 жылдың басынан бері Алматы облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы 30 алаяқтық әрекеттің алдын алып, азаматтардың қаражатын сақтап қалған.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды барынша сақ болуға, бөгде адамдарға жеке деректерін, SMS-кодтарды, банк картасының мәліметтерін бермеуге және күмәнді қоңыраулар туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схемалар туралы ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: