Павлодар облысында экологияға зиян келтірген құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 10:38 Фото: unsplash
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Павлодар облысы Ақсу қаласында заңсыз қоқыс үйіндісін ұйымдастыру дерегі анықталды.

Тәртіп сақшылары КамАЗ жүк көлігімен қала аумағында құрылыс қалдықтарын тасымалдап, арнайы белгіленбеген жерге төккен азаматты анықтады. Оның әрекеті нәтижесінде стихиялық қоқыс үйіндісі пайда болған.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін қажетті материалдар жинақталып, Павлодар облысы бойынша экология департаментіне жолданды", – деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Айдар Сламбеков.

Мамандардың айтуынша, қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру қоршаған ортаға елеулі зиян келтіріп, елді мекендердің санитарлық жағдайын нашарлатады және экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіреді.

Экологиялық заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оның ішінде айыппұл салу және келтірілген залалды өтеу шаралары бар.

"Таза Қазақстан" акциясының негізгі мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілігін арттыру және елді мекендердегі тазалықты сақтау.

Акция аясында аумақтарды абаттандыру, заңсыз қоқыс үйінділерін жою және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: