Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барды

Тоқаев, Брюссель, ресми сапар , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2026 20:19 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 22 маусымда Брюссельге ресми сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі", делінген ресми хабарламада.

Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылатыны да нақтыланады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: