Қарағанды облысында бет-жүзді жабатын киімдерге қатысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Фото: Zakon.kz
Іс-шаралар қоғамдық орындарда тұлғаны сәйкестендіруге кедергі келтіретін киім киюге жол бермеу жөніндегі нормаларды түсіндіруге бағытталған.
Профилактикалық кездесулер мен түсіндіру әңгімелері барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама нормалары жеткізіліп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабының талаптары түсіндірілуде.
Аталған бап қоғамдық орындарда адамның бетін тануды қиындататын киім-кешек кию үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Негізгі назар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылуда.
Азаматтармен заң талаптарын құрметтеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша белгіленген нормаларды бұзғаны үшін 8 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар 47 әйелмен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен оларды бұзғаны үшін көзделетін жауапкершілік жан-жақты түсіндірілді. Барлық қатысушыларға алдағы уақытта қоғамдық орындарда тұлғаны сәйкестендіруге кедергі келтіретін киім кию фактілеріне жол бермеу ұсынылды.
Полиция заңнама талаптарын сақтау қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің, азаматтардың қауіпсіздігін қорғаудың және құқық қорғау органдарының тиімді жұмыс істеуінің маңызды шарты екенін еске салады.