Петропавлда өзбекстандықтарды заңсыз жұмысқа алған құрылыс компанияларына қылмыстық іс қозғалды

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 09:27 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Петропавл қаласында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған құрылыс компанияларына қатысты қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының мультимедиялық ақпараттық порталының мәліметінше, қаладағы екі құрылыс нысанында жүргізілген тексеру барысында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты жоқ 11 Өзбекстан азаматы анықталған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған жұмыс берушілер бұған дейін де шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты бұл жолы олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

"Жұмыс берушілер бұған дейін де осындай заңбұзушылықтар үшін жауапқа тартылғандықтан, бұл жолы оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды", – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 57 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған 39 шетелдік сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы орта мектепті күрделі жөндеу кезінде мердігер орындалмаған жұмыстар үшін 78 миллион теңге алғаны анықталған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: