Талапкерлерді 28 млн теңгеге алдаған қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды
Фото: pexels
Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары интернет ресурстары арқылы жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындау және жоғары оқу орындарына кепілді түрде оқуға түсіру қызметін көрсететіні туралы жалған ақпарат таратқан.
Осының салдарынан 32 азамат алаяқтың құрбаны болып, жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Қазақстаннан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.
"2025 жылдың мамыр айында ол Албания аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды", – деп хабарлады Бас прокуратура.
Күдіктіге тағылған айыптар дәлелденген жағдайда, оған мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін, 2026 жылғы 26 маусымда, Қырғызстаннан жәбірленушілер мен екінші деңгейлі банктердің қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген қазақстандықтың экстрадицияланғаны хабарланған болатын.