Астанада автокөліктен ақша ұрлады деген күдікпен жас жігіт ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 15:38 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Елордада полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөліктен ақша ұрлады деген күдікпен жас жігіт анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Тергеу мәліметінше, күдікті қызыл түсті Volkswagen Vento автокөлігінің салонына заңсыз кіріп, ішінде болған ақшалай қаражатты жасырын түрде иемденген.

Оқиға салдарынан көлік иесіне 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Полицейлер жүргізген кешенді жедел іс-шаралар барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екені де анықталды.

Бұл бағыттағы тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарды жеке мүлкінің сақталуына мұқият қарауға шақырады. Көлік ішінде ақша, телефон, құжаттар және өзге де бағалы заттарды қалдырмаған жөн.

Сондай-ақ автокөліктен кеткен кезде оның есіктері мен терезелерінің толық жабылғанына көз жеткізу қажет. Полиция азаматтарға бөтеннің мүлкін жасырын жымқырудың заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: