Іздеуде жүрген қазақстандық әйел Ресейден экстрадицияланды

Задержание, арест, наручники, задержанная, арестованная, преступница, мошенница , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 12:59 Фото: pxhere
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасын сот үкімімен тағайындалған жазасын өтеу үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Бас прокуратураның 2026 жылғы 2 шілдеде хабарлауынша, Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық сотының 2024 жылғы 10 мамырдағы үкімімен әйел адам адамдар тобы болып күш қолданып қарақшылық шабуыл жасау және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары бойынша кінәлі деп танылған.

Сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Пробациялық бақылауда жүрген сотталған 2025 жылғы наурызда жазасын өтеуден өз бетінше жалтарған. Осыған байланысты өтелмеген 1 жыл 4 ай 7 күн мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, оған іздеу жарияланған.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы қарашада сотталған Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол Отанына экстрадицияланды", – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотталған әйел жазасын одан әрі өтеу үшін тергеу изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 шілдеде Ішкі істер министрлігі Анталиядан Қазақстанға іздеуде жүрген миллионер әйелдің жеткізілгенін хабарлаған болатын. Тергеу мәліметінше, ол қазақстандықтарды 6 млрд теңгеге алдаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: