Қарсыласын балағаттап, сес көрсеткен боксшы жеңіліс тауып, артынша полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты

Спорт, бокс қолғаптары, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 12:56 Сурет: pexels
Қазақстандық боксшы, жаттықтырушы, ММА спортшысы Мұхит Амантаев IBA Nomad турнирінде жекпе-жек алдында сөйлеген сөзі үшін жауапқа тартылатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Амантаев сахна алдында тұрған сәтінде болашақ қарсыласы жайлы бейәдеп сөздер айтып, оны балағаттаған.

Спортшының бұл әрекеті құзырлы орган қызметкерлерінің назарын аударды.

"Қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар сотқа жолданды. Полиция айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Құқықтық тәртіп – мәдениетті мінез-құлық пен өзара сыйластықтан басталады",- деп ескертті полицейлер.

Айта кетейік, оқиға шілде айының басында Алматыда өткен IBA NOMAD 15 аралас жекпе-жек турнирінің басталар сәтінде болды. Онда Мұхит Амантаев Әнуарбек Бекембетовпен жұдырықтасты. Кездесу қорытындысында Бекембетов үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: