WhatsApp арқылы түскен қарапайым қоңырау қостанайлық зейнеткерді 2,5 млн теңгеден айыра жаздады

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2026 09:53 Фото: Zakon.kz
Қостанайда полиция қызметкерлері алаяқтардың арбауына түскен зейнеткердің 2,5 миллион теңгесін сақтап қалды. Тәртіп сақшылары интернет-алаяқтық әрекетінің алдын алып, қаржының шетелге аударылуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tobolinfo басылымының мәліметінше, банк қызметкерлері Қостанай қалалық полиция басқармасына ірі көлемдегі ақшаны шетелдегі есепшотқа аудармақ болған клиент туралы хабарлаған.

Оқиға орнына киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері барып, әйелдің алаяқтардың нұсқауымен әрекет еткенін анықтады.

"Алаяқтардың айтуымен әйел депозитінен 2,5 миллион теңгені шешіп алған, кейін оны АҚШ долларына айырбастап, Түркиядағы банк шотына аудармақ болған. Қаскөйлер оған WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін бұрынғы басшысы ретінде таныстырған. Олар түрлі айламен әйелдің сеніміне кіріп, өз айтқандарын орындатқан", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Банк қызметкерлерінің қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында ақша аударымы дер кезінде тоқтатылып, зейнеткердің 2,5 миллион теңгесі сақталып қалды.

Құқық қорғау органдары ешқашан алаяқтар айтатын "қауіпсіз шоттарға" ақша аудармау қажет екенін тағы бір мәрте ескертті. Егер осындай мазмұндағы қоңырау шалынса немесе хабарлама келсе, әңгімені бірден тоқтатып, дереу банкке немесе полицияға хабарласқан жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: