Ақмола облысында аптап ыстықта үш өрт ошағы тіркелді

Ақмола облысында аптап ыстықта үш өрт ошағы тіркелді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 09:38 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 12 шілдеде Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр ауылы маңында, Ерейментау ауданындағы Тайбай ауылдық округінің теміржол бойында және Аршалы ауданындағы Байдалы ауылы маңында құрғақ шөптің жануы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

"Өртті сөндіруге ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында жалпы ауданы 10 гектардан асатын өрт ошақтары толықтай сөндірілді",- делінген ақпаратта.

Құзырлы орган қазақстандықтарды өрт немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласуға шақырды.

Бұған дейін Астанада өрт сөндірушілердің қоқыс полигонында тұтанған өртпен алысып жатқанына үшінші күн болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: