Қазақстанда сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасы бекітілді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі 2026 жылғы 1 шілдеде ішкі нарыққа тауар биржаларынан тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін Қазақстанның ішкі нарығына жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасы қосылған құн салығын (ҚҚС) есептемегенде тоннасына 59 722 теңге болып белгіленді.
Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында да сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасы тоннасына 59 722 теңге деңгейінде болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript