Ақмола облысында ауыл әкімі мас болып, төбелескені үшін жұмыстан қуылды

Төбелес, Ақмола облысы, Қабанбай батыр, ауыл әкімі, мас, жұмыстан қуылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 18:58 Сурет: pexels
Целиноград ауданы прокуратурасының қызметкерлері Қабанбай батыр округінің әкімі мас күйінде өзгемен жанжалдасып, оның арты төбелеске ұласқанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық орында масаң күйде бірнеше адам арасында жанжал туындап, нәтижесінде бір-біріне дене жарақатын салғаны анықталды. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

"Аудан прокуратурасының актісі негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Қабанбай батыр ауылдық округ әкімі қызметінен босатылды", делінген Бас прокуратура хабарламасында. 

Бұған дейін демалыс орындарындағы былық үшін Қонаев пен Балқаштың әкімдерінің жазаланғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: