Шымкентте 200 мың теңгеге бәс тіккен екі жас жігіт қала көшелерінде ылаң салды - видео

Центр оперативного управления департамента полиции, центр оперативного управления ДП, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, правонарушители, телефон полиции, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2026 16:24 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шымкент көшелерінде қауіпті жарыс ұйымдастырған екі жас жігіт жеті күнге қамауға алынды. Оқиға жайлы Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы орган өкілдері желіде Шымкент көшелерінде қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілердің бейнежазбасын анықтаған. Видеоға сүйенсек, олар жол қозғалысы кезінде қарсы бағыттағы жолаққа шығып, қауіпті маневрлер жасап, авариялық жағдай туғызып, қозғалыстың басқа қатысушыларының қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Тексеру барысында қатысушылардың бірінің көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны да анықталды.

Белгілі болғандай, қауіпті әрекетке 200 мың теңгелік бәстесу себеп болған.

"Ұтысқа жетіп, әсерлі бейнежазба түсіруді көздеген жастар қала көшелерін жарыс алаңына айналдырған". Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Осылайша, құқық бұзушылар жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, олардың екеуі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бұған дейін Алматыда желіде жұлдызға айналамын деп көпшіліктің көзінше "дипломын жыртып тастаған" түлек қамауға алынғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: