Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 21 шілдесінде Қазақстан президенті Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан.
Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған.
Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript