Алматы облысындағы ауруханада үшем шетінеп кетті

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 14:52 Фото: pexels
Алматы облысында 3 бірдей нәрестесінен айырылған отбасы әділдік сұрайды. Қара жамылған жанұя мүшелерінің сөзінше, босануға барған келініне Қарасай аудандық перзентхана мамандары дұрыс ем-дом тағайындамаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарасай аудандық ауруханасының мәліметінше, пациент жүктіліктің 25-аптасында толғағы басталып, қағанақ суы кеткен күйде жеткізілген.

Айдана Оразбаеваның жүктілігі 6 ай бойы қалыпты өткен. 17-18-не қараған түні келіншектің суы кетіп, толғақ қысқан. Жолдасы бірден әйелін бақылауда тұрған Жамбыл аудандық ауруханасына апарған. Бірақ ондағы мамандар жүкті келіншекті Қаскелеңдегі перзентханаға жіберген. Осылайша 18 күні таңғы сағат 7:00-де үшем дүние келіпті. Алайда бірнеше сағат өткен соң, егіз сәби көз жұмыпты.

"Алматы ТВ" дерегіне сүйенсек, оқиғаға қатысты күмән көп екенін айтқан туыстары сәбилердің мәйітін тапсырған кезде медициналық ұйым ешқандай ресми құжат бермегенін алға тартты. Сорақысы сол, шетінеп кеткен нәрестелерді жерлеп келген соң, перзентханаға қайта барып, үшінші сәбидің жағдайын сұрағанда, күтпеген хабар алған.

"Баламның жағдайын білейін" деп педиатрға хабарласқан. Дәрігер "сен қай балаңа келіп тұрсың, үш балаң да таңертең өліп қалған" депті. Жиенім "неге бірден айтпайсыңдар, неге жасырасыңдар?" деп ашуланған", – деді А. Оразбаеваның қайын әпкесі Жазира Төлешова.

Ал Қарасай аудандық ауруханасының мәліметінше, пациент жүктіліктің 25-аптасында толғағы басталып, қағанақ суы кеткен күйде жеткізілген. Осыған байланысты оны басқа медициналық ұйымға ауыстыру мүмкін болмапты. Сондықтан әйел мен нәрестелердің өміріне қауіп жоғары болғандықтан, шұғыл түрде босандыру туралы шешім қабылданған.

"Жүктіліктің 25 аптасында үшеммен босану аса ауыр, шұғыл медициналық көмекті талап ететін жағдай. Осыған байланысты жүкті әйел стационарға жатқызылды. Сағат 07:00-де нәрестелер дүниеге келді, салмағы өте аз болды. Мұндай жағдайда өмірлік маңызды ағзалар, әсіресе өкпе мен орталық жүйке жүйесі толық қалыптасып үлгермейді. Қазір көрсетілген медициналық көмектің сапасына ішкі аудит жүргізіліп жатыр", – деді "Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК баспасөз қызметі.

Оқиғадан кейін марқұм болған нәрестелердің туыстары құқық қорғау органдарына арыз жазған. Олар сәбилердің өліміне қатысты жан-жақты әрі тәуелсіз тексеріс жүргізіліп, кінәлілер заң алдында жауап беруін талап етеді. Қазіргі уақытта отбасы үшінші нәрестенің денесін әлі алмаған.

Бұған дейін Өскеменде жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі жасөпірім қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: