Ақтауда 10-қабаттағы терезенің сыртқы жақтауына шығып алған бала құтқарылды

Ребенок у окна, дети у окна, окно, падение из окна, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 15:35 Фото: unsplash
Ақтауда тұрғын үй кешендерінің бірінде 10-қабаттағы ашық терезенің сыртқы жақтауына шығып кеткен баланың өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы полицияға хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат түскен бойда патрульдік полиция экипажы оқиға орнына жедел жеткен.

Полицейлер келген сәттегі жағдай аса қауіпті болды – кәмелетке толмаған бала терезеге шығып алып, ғимараттың сыртқы жақтауында тұрған.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел, батыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды. Бүлдіршін аман-есен құтқарылды.

Баланың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға Ақтау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – Ержан Көкенов пен Данияр Татиев кәсіби шеберлігі мен батыл әрекеті ықпал етті.

Полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

"Әсіресе терезелері ашық бөлмелерде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет. Терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатып, олардың маңына баланың көтерілуіне мүмкіндік беретін жиһаздарды қоймаған абзал",- деп ескертті полицейлер.

Бұған дейін Балқаш жағалауында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: