Жетісуда алкоголь өнімін заңсыз сату деректері анықталды

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 14:18 Фото: polisia.kz
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заң талаптарының сақталуын бақылау бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Жыл басынан бері өңірде алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзудың 75-ке жуық дерегі анықталды. Кезекті құқық бұзушылық Алакөл ауданының Ақши ауылындағы дүкендердің бірінде тіркелді.

Тексеру барысында сатушының алкоголь өнімін заңнамада белгіленген уақыттан тыс сатқандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шара қолданылды. Биыл облыс аумағында алкоголь өнімдерін белгіленген уақыттан тыс сату бойынша 50-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полицейлер заң талаптарын сақтау – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін атап өтеді.

Алкоголь өнімдерінің заң талаптарына сай сатылуын бақылау құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өңір тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Полиция сауда орындарының иелерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Бұл бағыттағы бақылау және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: