Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы екі есе қымбаттады

БАКАД, Большая Алматинская кольцевая автомобильная дорога, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 12:17 Фото: Zakon.kz
Көлік министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 31 шілдедегі бұйрығымен республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы бұйрыққа өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулерге сәйкес, ақылы автомобиль жолымен жүру тарифтері жаңартылды.

Жүріп өткен жолдың қашықтығына қарамастан, бір сағат ішіндегі жол жүру ақысы енді:

  • жеңіл автокөліктер үшін – бұрынғы 0,07 АЕК орнына 0,14 АЕК, яғни 2026 жылы 605,5 теңге;
  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – бұрынғы 0,08 АЕК орнына 0,16 АЕК, яғни 692 теңге;
  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – бұрынғы 0,14 АЕК орнына 0,28 АЕК, яғни 1211 теңге;
  • 32-ден астам жолаушы орны бар автобустар мен жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – бұрынғы 0,16 АЕК орнына 0,32 АЕК, яғни 1384 теңге;
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – бұрынғы 0,2 АЕК орнына 0,4 АЕК, яғни 1730 теңге;
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері, оның ішінде тіркемесі бар көліктер мен ершікті тартқыштар үшін – бұрынғы 0,22 АЕК орнына 0,44 АЕК, яғни 1903 теңге болады.

Айлық және жылдық абонементтердің құны өзгеріссіз қалды.

Тарифтердің өзгеруімен қатар алдын ала немесе кейіннен төлем жасаған кезде 50% жеңілдік беру тетігі енгізіледі.

Алдын ала төлем – ақылы жол учаскесіне кіргенге дейін жеке шотқа немесе автокөліктің мемлекеттік нөмірі бойынша қаражат аудару. Бұл жағдайда жол жүру ақысын белгіленген тарифтен 50% жеңілдікпен төлеуге болады.

Кейіннен төлеу – ақылы жолмен жүргеннен кейін жеті күнтізбелік күн ішінде ақы төлеу. Мұндай жағдайда да тарифке 50% жеңілдік беріледі.

Егер төлем көрсетілген мерзімде жасалмаса, жеті күн өткеннен кейін берешек қалыптасып, жол жүру ақысы жеңілдіксіз, толық көлемде өндіріледі.

Бұйрық 2026 жылғы 16 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: