ШҚО-да телемұнараға шығып алған балалар өздігінен түсе алмай, құтқарушы мен полицейді әбден әбігерге салды

ШҚО-да телемұнараға шығып алған балалар өздігінен түсе алмай, құтқарушы мен полицейді әбден әбігерге салды , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 10:17 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 6 тамызда Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында екі бала телевизиялық мұнараның басына шығып, биіктен өздігінен түсе алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абырой болғанда, балаларды профилактикалық рейд барысында Тарбағатай ауданы ТЖБ аға инженері Архат Нигмашев байқап қалған. Ол мұнараға көтеріліп, балаларды төменге түсірді.

Сондай-ақ, оқиға орнына Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Диас Жұмаділов жедел келіп, көмек көрсеткен.

"Қызметкерлердің үйлесімді іс қимылының арқасында жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болды",- деп атап өтті ТЖМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Астанада сөндірілмеген сіріңкеден Audi A6 өртеніп кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: