Жамбыл облысында 123 келі марихуана тәркіленді
Фото: Zakon.kz
"Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл облысы полиция департаментінің "Дельта-Долина" ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 5513 әскери бөлімінің сарбаздарымен бірлесіп, Шу ауданының Тасөткел ауылы маңындағы құмды алқаптан есірткі өсімдігін жинап жүрген азаматты анықтады.
Күдікті сол аумаққа екі шатыр тігіп, тыйым салынған заттарды қаптарға жинаған. Оқиға орнынан барлығы 123 келі кептірілген марихуана, сондай-ақ қолғап, орақ және басқа да құралдар тәркіленді.
Полиция мәліметінше, ер адам есірткіні сатуды жоспарлаған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті қамауға алынды. Қазір істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.