Оңтүстік Корея президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҰҚК-нің жедел жұмысына ризашылығын білдірді
Сурет: X/Jaemyung_Lee, Акорда
Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мён X әлеуметтік желісінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ли Чжэ Мённың жазуынша, қылмыстық топқа қатысы бар Корея азаматтары Камбоджа мен Вьетнам арқылы Қазақстанға келіп, өз елінің тұрғындарына қарсы дауыстық фишингпен айналысқан. Кейін олар ұсталды.
"Ұсталғаннан кейін небәрі екі аптаның ішінде олардың барлығы Корея Республикасына қайтарылып, қазір полиция тергеуінде жатыр. Ұстаудан бастап елге қайтаруға дейінгі бүкіл рәсімнің осындай қысқа мерзімде жүзеге асуына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы және ынтымақтастығы мүмкіндік берді. Президент Тоқаев пен тиісті ведомстволарға зор ризашылығымды білдіремін", – деп жазды Оңтүстік Корея басшысы.
Ол келесі айда өтетін "Корея – Орталық Азия" саммитінде президенттердің жүзбе-жүз кездесіп, пікір алмасатынына үміт білдірді.
캄보디아, 베트남을 거쳐 카자흐스탄으로 잠입해 우리 국민을 상대로 보이스피싱 범죄를 벌이던 한국인 조직원들이 현지에서 검거된 지 2주 만에 전원 국내로 송환돼 경찰 수사를 받고 있습니다.
— 이재명 (@Jaemyung_Lee) August 11, 2026
검거에서 송환까지 신속하게 이뤄질 수 있었던 것은 토카예프 카자흐스탄 대통령님과 카자흐스탄…
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстанда Корея Республикасының 14 азаматы ұсталғанын хабарлаған еді. Олар алаяқтықпен айналысқан байланыс орталығын ұйымдастырған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript