Ақтөбедегі өртті сөндіруге 100-ден аса адам, ұшқышсыз ұшу аппараты тартылып, Starlink те пайдаланылды

Дала өрті, Ақтөбе, өрт, ұшқышсыз ұшу аппараты, Starlink , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 18:11 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдық округінде кеше басталған дала өрті бүгін толығымен сөндірілді. Қатты желдің салдарынан тез тараған қызыл жалын шамамен 83 гектар аумақты қамтыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылы 12 тамызда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары, "Ауыл құтқарушылары" еріктілері, ТЖМ-нің 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, ерікті өртке қарсы құрылымдар мен орман шаруашылығының қызметкерлері жұмылдырылды. Өртті сөндіруге барлығы 110-ға жуық адам және 20-дан астам техника тартылды. Жағдайды бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды. Ал жедел байланысты қамтамасыз ету үшін Starlink жабдығы пайдаланылды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ".

ТЖМ азаматтарға табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді. Өрт қаупі жоғары кезеңде от жағуға және құрғақ өсімдіктердің тұтануына әкелуі мүмкін әрекеттер жасауға тыйым салынады.

Бұған дейін Маңғыстаудағы мұнай кен орнында өрт шыққаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: