Астанада Мәңгілік ел қақпасының жанында әдепсіз видео түсірген шетелдікке айыппұл салынды

Пд, анайы видео түсірген шетелдік қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 15:56 Сурет: Астана ПД
Астанада шетел азаматы Мәңгілік ел қақпасының жанында әдеп нормаларын бұзатын әрекет жасап, оны TikTok әлеуметтік желісіне жариялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, 25 жастағы шетелдік азаматша TikTok желісінде балағат сөздер мен қоғамдық мораль нормаларына қайшы сөздер қолданылған бейнежазба жариялаған.

Видео Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан Мәңгілік ел қақпасының жанында түсірілген. Осыған байланысты Ангелина Ванинаға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды, – деп мәлімдеді полияция өкілдері.

Сот шешімімен оған 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кетейік, 13 тамызда әлеуметтік желілерде арандатушылық және әдепсіз сипаттағы мәлімдемелері бар видеолар жариялаған Ресей азаматы Ксения Гузаева Қазақстаннан шығарылған болатын. Оған елге бес жылға кіруге тыйым салынған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: