"Топ болып шабуыл жасаған": Астанада жалғыз қызды клуб маңында аяусыз ұрып кеткен

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 11:14 Фото: pexels
Астанада түнгі клуб маңында бір топ адам жалғыз қызды ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп, кейін әлеуметтік желіге жариялаған. Осы іске қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының әрекет етуіне Threads әлеуметтік желісінде өзін welobeee деп таныстырған астаналық қыздың жазбасы себеп болған. Оның айтуынша, ол мекеме ішінде болған қарапайым жанжалдан кейін бір топ адамның шабуылына ұшыраған.

Қыздың сөзінше, оқиға 15 тамызда клубта басталған. Ол келушілердің бірін абайсызда қағып кетіп, бірден кешірім сұраған. Алайда ер адамның жанындағы қыздар агрессия танытып, оны балағаттай жөнелген. Кейін ер адам да жанжалға араласқан.

Кейін күзет қызметкерлері ескерту жасағананнан кейін де жанжал басыла қоймаған. Клуб жабылып, таңғы сағат алты шамасында қыз сыртқа шыққан кезде әлгі топ оны көшеде күтіп тұрған.

"Топ болып шабуыл жасап, ұрып-соғып, видеоны Telegram-ға таратқан. Осы "батылдықтың" кейіпкерлерін іздеп жүрмін. Мекеменің бейнебақылау камераларынан мені жерге құлатып, денемнен тепкілеп, шашымнан сүйрегендері анық көрінеді. Соның салдарынан денемнің барлық жерінде көгерген жерлер пайда болып, миым шайқалды. Осы уақыт бойы күзет қызметкерлері оларды менен күштеп ажыратып отырды. Бірақ ең сорақысы кейін басталды. Әлгі "ер адам" мені оның құрбылары жерде жатқан күйімде ұрып жатқан сәтті видеоға түсіріп, оны мақтанышпен Telegram-арналар мен пабликтерге тарата бастаған", – деп жазды жәбірленуші 2026 жылғы 1 қыркүйекте әлеуметтік желіде.

Қыздың айтуынша, шабуыл жасағандар онымен байланысып, полицияға жазған арызын қайтарып алуға үгіттеген. Олар істің бәрібір қаралмайтынын айтқан.

Желіде қыздың жазбасы үлкен резонанс тудырғаннан кейін Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді. Дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Құқық бұзушылықты жасауға қатысы бар барлық тұлғаны анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді Астана полиция департаменті.

Бұған дейін Оралдағы клубта қыздың аяусыз соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: