Қазақстандықтар әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырып, заңсыз ірі төлем алған

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 09:08 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Байқоңырда прокуратура атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) заңсыз алу деректерін анықтады. Тексеру барысында нақты табысын жасырған азаматтарға мемлекет қаржысы төленгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық прокуратура қызметкерлері жоспарлы талдау кезінде әлеуметтік қолдау тағайындау барысында заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Қадағалау органының мәліметінше, алты жергілікті тұрғын өзінің материалдық жағдайы туралы жалған мәлімет ұсынған.

Соның салдарынан оларға мемлекеттік бюджеттен 2,6 млн теңге артық төленген.


"Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, екі азаматтан мемлекет кірісіне 553 233 теңге өндірілді", – деп хабарлады өңір прокуратурасы 2026 жылғы 26 тамызда.

Қалған алушылардан негізсіз төленген қаражатты сот тәртібімен қайтару шаралары қабылданып жатыр.

Бұған дейін Қазақстанда АӘК тағайындау тетігі қайта қаралуы мүмкін екені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: