Мыңнан астам препарат тәркіленді: Ақтөбеде қылмыстық топтың жолы кесілді

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 08:07 Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысында күшті әсер ететін заттарды заңсыз өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың 2 қыркүйегінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі Үмітбек Фархадов жедел-тергеу іс-шаралары кезінде Алматыдағы дәріханалардың бірінде жұмыс істейтін фармацевт қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланып, күшті әсер ететін заттардың ірі партияларын Ақтөбе облысына жеткізуді ұйымдастырғанын мәлімдеді.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде ұйымдастырушы, оператор, ораушылар және заттарды жасырумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Заңсыз айналымнан мыңнан астам дәрілік препарат тәркіленді", – деді Үмітбек Фархадов.

Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін атап өтті.

"ІІМ күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді", – деді ведомство өкілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: