Маңғыстаулық тұрғын "мас күйінде" элиталық деликатесті алып жүрген

 Маңғыстаулық тұрғын «Мас күйінде» элиталық деликатесті алып жүрген, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 09:48 Сурет: видеодан
Маңғыстау облысында полицейлер бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын заңсыз тасымалдаудың алдын алды. Ұсталғандардан жалпы салмағы 5,5 келі өнім тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 3 қыркүйекте облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, құқық қорғау органдары арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлерімен бірлесіп және облыстық прокуратураның үйлестіруімен Toyota 4Runner көлігін тоқтатып, тексеру жүргізген.

Жол талғамайтын көліктің салонынан бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы салынған 10 ыдыс табылған. Өнімнің жалпы салмағы 5,5 келіні құраған.

"Үш ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ұсталғандардың бірінің есірткіге мас күйде болғаны анықталған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, арнайы қабылдау орнына орналастырылды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: