Атырау облысында 70 келі бекірені тиеп алған жол талғамайтын көлік жүргізушісі ұсталды

Бекіре балығы, Атырау облысы, браконьерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2024 21:33 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Атырау тұрғынының көлігінен 70 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірге "Бекіре – 2024" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында күдік тудырған Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.


"Тексеру барысында автокөлік салонынан 5 полиэтиленді пакетке салынған салмағы 70 келі болатын 23 бекіре тұқымдас балық өнімі тәркіленді", делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, "Бекіре – 2024" іс-шарасы басталғалы азаматтардан 900 келіге жуық заңсыз ауланған балық өнімі тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: