Алматыда жүк көлігі тиеген ірі габаритті конструкция көпірден өте алмай құлап, үлкен кептеліс орын алды

Жол апаты, Алматы, Рысқұлов, жүк көлігі, кран, көпір, құлау, кептеліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2026 15:59 Сурет: Zakon.kz
Алматының негізгі көлік артерияларының бірінде ірі габаритті конструкцияны тасымалдау кезінде оқыс жағдай орын алды. Рысқұлов даңғылында кран мұнарасы жолға құлап, жаяу жүргіншілер көпірін зақымдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Рыскұлов даңғылында, Күдерин көшесіне жетпей орын алды.

Zakon.kz тілшісінің алдын ала мәліметі бойынша, ұзын жүк көлігі биік кранның конструкциясын тиеп алған. Жер үсті жаяу жүргіншілер көпірінің астынан өткен кезінде конструкция сыймай, көпірге соғылған, содан кейін оның бір бөлігі жолға ұзыннан ұзын құлаған.

Оқыс оқиға орын алғанда, Құдай сақтап, маңайда басқа көліктер болмаған, сәйкесінше массивті конструкция ешкімге тимеген. Зардап шеккендер туралы да ақпарат түскен жоқ.

Тілшіміздің хабарлауынша, Рыскұлов даңғылымен батыс бағытта қозғалыс іркілген, тек бір жолақпен ғана көліктер жылжып жатыр. Аталған учаскеде бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болды.

Оқиға орнында құлаған конструкциялар жүк көлігіне қайта тиеліп жатыр.

Соқтығысу салдарынан даңғыл үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірі де зақымданды. Соққы көпірге тиіп, содан кейін оның бетінде айтарлықтай деформация пайда болды.

Оқиғаның себептері мен көпірдің зақымдану дәрежесі туралы, әзірге ресми ақпарат жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: