"Жыр жауҺары": Ақтөбеде жас ақындардың республикалық поэтикалық дуэлі өтті
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жыр додасына 10 жас жазба ақын қатысып, өздерінің ақындық шеберліктері мен шығармашылық қарым-қабілеттерін ортаға салды. Байқаудың ерекшелігі – Орал, Алматы және Қызылорда қалаларынан арнайы келген жас ақындардың қатысуы.
Поэтикалық дуэль екі кезеңнен тұрды:
І кезең – "Жыр жауһары"
Қатысушылар тіл тақырыбында немесе Ақтөбе қаласына арналған бір өлең және еркін тақырыпта бір өлең оқыды. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған 6 ақын келесі кезеңге жолдама алды.
ІІ кезең – "Көңіл дәптері"
Бұл кезең нағыз жекпе-жек форматында өтті. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 6 ақын жеребе арқылы жұптасып, еркін тақырыпта екі өлеңнен оқып, өзара бақ сынады.
Нәтижесінде:
- І орын – Піржан Сандыбай (Алматы);
- ІІ орын – Тәуекелов Нұрсерік (Ақтөбе) және Санақұл Бексұлтан (Қызылорда);
- ІІІ орын – Дәурен Шамұратов (Орал);
- Арнайы жүлде – Жанкеева Жанерке (Ақтөбе).
Барлық қатысушыларға орталық атынан арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар табысталды.



