Павлодарда жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жұмысшы қаза тапты
Сурет: pixabay
2026 жылғы 7 қыркүйекте Павлодардың Үлкен айналма жолында адам өліміне әкелген жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, дөңгелек жөндеу орнында жұмыс істеп жатқан ер адамның басы жұлынып кеткен.
Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігіне дөңгелек орнату кезінде ол жарылып кеткен. Салдарынан жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген түсініктемеде.
Астанада құрылыс алаңдарында болған екі жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Мұнаралы крандардың құлауы салдарынан екі жұмысшы қаза тапқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript