Көкшетаудағы құрылыс алаңында 19 жасар жігіт қаза тапты
Фото: Zakon.kz
Көкшетаудағы құрылыс нысандарының бірінде небәрі 19 жастағы жұмысшы тоғызыншы қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 8 қыркүйекте болған. Smartnews.kz мәліметінше, құрылыс жұмыстары кезінде 2007 жылғы жігіт тоғызыншы қабаттан құлап кеткен.
"Оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаменті.
Ал Ақмола облысының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің мәліметінше, тиісті хабарлама келіп, арнайы бұйрық шыққаннан кейін тексеру басталады. Қазіргі уақытта департаментке оқиға туралы ресми хабарлама түспеген.
Бұған дейін Астанада құрылыс алаңдарында екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алған еді. Әрбір оқиға бойынша арнайы егжей-тегжейлі тергеу жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript