Алматы маңында жүріп келе жатқан жүк көлігі өртеніп кетті

Пожарный, пожарные, пожарная служба, пожарно-спасательный автомобиль, пожарная машина, пожарный автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 16:00 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматы облысының Елтай ауылында кузовындағы жүгі жанып жатқан жүк көлігінің жолмен қозғалып бара жатқан сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларда жүк көлігінің көтерілген кузовы өртеніп, ішіндегі жанып жатқан жүктің жолға төгіліп жатқанын көруге болады. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, жалынды сөндірді.

Кейін оның жанып жатқан шөп екені анықталды.

"Қарасай ауданының Елтай ауылында Сорбұлақ трактісі бойында престелген шөп өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері келген кезде 260 бума шөптің отқа оранғаны анықталды. Өрт сөндірушілер дереу сөндіру жұмыстарына кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің әрі қарай таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді", — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 21 қыркүйекте.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: